Қайрат Нұртас Zivert пен NILETTO-ны сотқа бере ме?

Қайрат Нұртас Zivert пен NILETTO-ны сотқа бере ме?

ашық дереккөзі

 width= Ресейлік орындаушылар Zivert пен NILETTO Қайрат Нұртастың "Алматы түні" әнін ұрлап алды деген күдікке ілінді. Бірақ қазақ әншісі ешкіммен соттасқысы келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Ресейлік блогер Сергей Пичугин Zivert пен NILETTO орындаған Fly 2 әнінің "Алматы түні" әнімен ұқсастығын байқаған.

"Бұл хит жаңа болмай шықты. Не айтуға болады? Меніңше, плагиаттың иісі аңқып тұр", - дейді Пичугин.
Қайрат Нұртастың өзі музыкада сәйкестік болып тұрады деп есептейді. Ол орындаушыларды сотқа бермейтінін айтқан. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға әншінің өкілдері растады.
"Алматы түні" – Қайрат Нұртастың ең танымал әндерінің бірі. Түпнұсқа қазақ тілінде. Сондай-ақ, бұл әнді ресейлік әнші Нюшамен бірге орындаған.
 

Жүктелуде...