Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен елді мекендерде газ жүйелерінің монтаждау жұмыстары 98 пайызға орындалды. Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, мамандар төтенше жағдай орын алған аймақта екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істеуде, - деп хабарлайды
NewsRoom+ Ақпарат агенттігі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарының сапалы да барлық талаптарға сай жүргізілуін жүктеді. Сондай -ақ, жаңа ауда
нда жарықтандыруға күш салуды тапсырды. Шағын ауданда ауыз су, кәріз, электр, газ, байланыс, ағын су желілерін құру және абаттандыру жұмыстары қарқынды.
Ықшам ауданға инженерлік инфрақұрылым жүргізіліліп, Фирдауси, Өргебас, Жеңіс және Жаңатұрмыс елді мекендерінде ауыз су жүйелері қалпына келтіріліп жатыр. Халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 8 шақырымға жуық су жүйелері өткізілген. 24,4 шақырым электр желісі тартылып, 156 жарық шам орнатылған. Электр жүйелерін өткізу жұмыстары 95% жүзеге асқан. Сондай-ақ, негізгі тас жолдар мен көше жолдарында асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр.