Төлеби ауданында Абай аллеясы салынуда

Төлеби ауданында Абай аллеясы салынуда

ашық дереккөзі

Түркістан облысы Төлеби ауданында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай аллеясының құрылысы жүргізілуде, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі. Аллеяда ұлы ақынның еңселі ескерткіші орнатылатын болады. Демеушілер қолдауымен бой көтеретін мүсіннің биіктігі – 3метр, тұғыры – 2 метрді құрайды. Жаңа аллея Ленгір қаласындағы Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан. Жобаның құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Шұғыла-2002» ЖШС-гі жүргізуде. Айта кетерлігі, мұнда балалар үшін ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар орнату жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң саябақты көгалдандыру жұмыстары да қолға алынбақ. Аллея тұрғындардың тынығуына, дене шынықтырып, серуендеуіне қолайлы жағдай туғызатын болады.

Жүктелуде...