Қазақстан коронавирус індетінің екінші толқынына қаншалықты дайын?

Қазақстан коронавирус індетінің екінші толқынына қаншалықты дайын?

ашық дереккөзі

   width= Қазақстан коронавирус індетінің екінші толқынына қаншалықты дайын? Наурыз айында елімізде коронавирус індетінің бірінші толқыны болып, медицинамыздың дайын еместігі белгілі болды. Экс министрдің болжамы бойынша 3500 адам коронавируспен ауырауы мүмкін деген болатын. Алайда ел бойынша ауырғандар саны 103 571-ге жетіп жығылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше алдағы күз-қыс мезгілдерінде ауру деңгейінің жоғарылауына қарсы белсенді дайындық үстінде. Бұл туралы министр коронавирус пандемиясы әлі аяқталған жоқ деген мәлімдемеден бастады. Сондықтан болар министр келесі алдын алу шараларын атады: Республиканың бірқатар қалаларын елді мекендеріндегі дәріханаларға 10 миллионнан астам түрлі дәрі-дәрмектер таратылды; "СҚ-Фармация" елдегі дәрі-дәрмектердің жалғыз дистрибьюторы бола отырып, елдің медициналық ұйымдарын ай сайын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті. Қыркүйектің соңына дейін қорды тағы екі айғіа көбейту жоспарлануда. Бұл үшін 24 миллиард теңге бөлінді; "СК-Фармация" базасында жаңа Республикалық тұрақтандыру қоры және Қазақстан аймақтарында тағы 11 тұрақтандыру қоры құрылды; Қыркүйек айының аяғында елдегі барлық аудандық ауруханалар өз қарамағына цифрлық рентген аппараттарын алуы керек; Еліміздің ауруханаларындағы 23 890 орын оттегімен қамтамасыз етілген, оның 13 153-і оттегі концентраторларын алады; Ауруханаларға 2578 ӨЖЖ аппаратын сатып алу жалғасып жатыр. Оның 1078-і демеушілер мен Дүниежүзілік банктің, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады. 1500 аппарат жергілікті өндірушілерден сатып алынады; Жұқпалы ауруға шалдыққандарды қабылдауға арналған жалпы сыйымдылығы 2,7 мың төсек-орын 13 жаңа инфекциялық аурухана салу жоспарланып отыр. Мұндай шешім ВАК-тың коронавируспен күрес жөніндегі соңғы отырыстарының бірінде қабылданды.

Жүктелуде...