Ауласына «Қара сора» өсірген: тергеу жұмыстары басталды

Ауласына «Қара сора» өсірген: тергеу жұмыстары басталды

ашық дереккөзі

 width= Ауласында қара сора жайқалып тұр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақ Жайық жергілікті порталына сілтеме жасап. «Қара сора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала маңындағы Еркінқала ауылы тұрғынының ауласынан 1898 түп қара сора өсімдігін тапты. Сонымен қатар, бір килограмнан астам марихуана тәркіленді. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 296-бабы («Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») және 300-бабы («Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Жүктелуде...