Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тұрғындар: зиян күлді жұтсақ, қатерлі ісікке ұшыраймыз!

Тұрғындар: зиян күлді жұтсақ, қатерлі ісікке ұшыраймыз!

Тұрғындар: зиян күлді жұтсақ, қатерлі ісікке ұшыраймыз!
ашық дереккөзі
 width= Семейде бүтін бір ықшамаудан тұрғындарына қолдарына плакат ұстап, көшеге шықты. Олар қалалық қазандықтан ұшқан күлге күні-түні тұншығып отырғандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болыпты. Қалдықтың кесірінен алдағы екі-үш жылда қатерлік ісікке шалдығып, түрлі індет таралады деп қорыққан жандар көшеге шығудан қалдық дейді. Ал химиялық қоспалар жаңбыр суымен бақшаға ағып, көкөністер бүлініп жатыр екен. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Арман ТӨЛЕГЕНОВ, қала тұрғыны:
"Сол үшін айтарым, егер де мына Семейде отырған әкімшілік, қолдарынан келетін адамдар, бір ауыз сөзбен шеше алатындар, осы жаққа көңіл бөлмесе, жұмыстарын дұрыс атқармаса, біз еріксіз, мәжбүр боламыз, жолдарды жабуға және сол жолмен әкімдікке жүріп отырамыз. Оны өздеріңіз ертең көрерсіздер".
Онсызда радиациялық аумаққа тым жақынбыз деген жергілікті жұрт экологиялық апаттың зардабын білеміз дейді. Оған қоса, күлдің құрамында иісі жоқ «бензопирен» көмірсутегі болады екен. Ол жаңбыр және жерасты суларымен тұрмыстағы тіршілік нәріне араласса, обыр дерті көбеймек. Сондай-ақ,  наразы топ қала сыртында өзге күл төгетін карьер бар екенін алға тартады. Ал Семейге жақын төгуін, шенеуніктердің бөлінген қаржыны қалтасына басудың бір жолы деген ойда. Ал, әкімдіктегілер бұл пайыммен келіспейді. Өйткені, экологияға жауапты министрлік Семей басшылығына күлді биылдан бастап 2022 жылға дейін "Бабин" карьеріне төгуге рұқсат беріпті. Ақ жағалылар қоқыс алаңында қалдықтың үйілуіне халықтың да қатысы бар дейді. Асан ДҮЙСЕМБАЕВ, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және тұрғын үй испекция маманы:
"Карьер тұрғын үй алқабынан 1 шақырымнан астам жерде орналасқан. Басқа ешқандай қоқыс тастамаймыз. Есесіне, пешпен үйін жылытатындар күлді төгу туралы келісім жасаспай, өздері жол бойындағы үйіндіге қалдықтарын әкеп тастайды. Әрине, сосын заңсыз қоқыс алаңы ұлғаяды. Бізде барлық қауіпсіздік шаралары қамтылған".
Эколог Роман Честных семейліктердің алаңдауы орынды дегенді айтады. Оның сөзінше, қазірде арнайы жерде бұрхан-бұрхан болған күл ашықтан-ашық жатпауы тиіс. Әрбір камаз төккен қалдық бетін 20 сантиметр басқа материал төселуі міндетті, олай болмаса, су астына жіберген жөн. Роман ЧЕСТНЫХ, Эколог:
"Көлік қалдықты төккен соң, бульдозер оны тек қана жайып тастайды екен. Кейін ол желмен ауаға тарауы мүмкін. Санитарлық талаптар бойынша, карьер төгілген әрбір күлдің үстін 20 сантимер басқа материал басып қалуы тиіс".
Қоршаған ортаны зерттейтін маман тұрғындарға тез арада мамандарды шақыруды кеңес береді. Уақыт жоғалтуға болмайды деген эколог, жағдай өте қауіпті екенін жасырмайды. Ал, Таймас ықшамаудандағылар наразылық акциясына әкімдіктегілерді шақыртыпты. Алайда, Ермак Салимовтың командасынан ешкім жиынға келген жоқ.