Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында мешіттерге қойылған шектеу шаралары ұзартылады

Түркістан облысында мешіттерге қойылған шектеу шаралары ұзартылады

Түркістан облысында мешіттерге қойылған шектеу шаралары ұзартылады
ашық дереккөзі
Түркістан облысында карантиндік режимге байланысты мешіттерге қойылған шектеу шаралары әлі де ұзартылады. Бұл қатерлі індеттің ел ішінде таралуын болдырмау мақсатында ұйымдастырылып отырған шаруа. Азаматтарды осы мәселеге түсіністікпен қарап, сабырлы болуға шақырамыз. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді.
Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
Оның сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берілген. «Өздеріңізге белгілі, кеше өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жеңілдету жөнінде ұсыныстар айтылды. Алайда әлі де тыйым салынған орталықтардың қатарында діни нысандардың бар екендігі мәлім болды. Дегенмен, қазіргі таңда аталған мәселеге қатысты қайта ұсыныс берлді. Ұсынысқа байланысты мешіттерді де кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Алла қаласа, жуырда мешіттеріміз қайта ашылады деген үлкен үміт бар», – деді М. Ақтамберді. Сондай-ақ, облыстың имамы мұндай шектеулер біздің елімізде ғана емес, басқа мұсылман мемлекеттерінде де осындай шешім қабылданғанын сөз етті. Яғни, осындай шектеу шараларының арқасында жағдай тұрақталып келе жатқанын, енді аз ғана төзімділік танытсақ, жамағатпен намаз оқитын күнге де жететінімізді айтты.