Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Спиртті заңсыз өндіргені үшін жауапқа тартты

Спиртті заңсыз өндіргені үшін жауапқа тартты

Спиртті заңсыз өндіргені үшін жауапқа тартты
ашық дереккөзі
Қазақтан ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан және жалған алкоголь өнімін сату дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Aikyn.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған алкоголь өнімін жасау бойынша жасырын цех қызметін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Цехты тексеру барысында 3000 литр спирт, 7800 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 19 050 шөлмек алкоголь өнімі, 295 561 дана есептік-бақылау маркалары, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуда пайдаланылатын түрлі ыдыстар және алкоголь өнімін құятын құрылғы анықталды. Еңбекші ауданы сотының үкімімен Шымкент қаласының тұрғыны ҚР ҚК 214-бабы 1-б. (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) және 233-бабының 2-б. (акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) сәйкес кінәлі деп танылып, алынған заттарды тәркіленіп, айыппұл салынды.