Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Еліміздегі наразылық шаралары кезінде журналисттерді реттейтін ережелер қабылданды

Еліміздегі наразылық шаралары кезінде журналисттерді реттейтін ережелер қабылданды

Еліміздегі наразылық шаралары кезінде журналисттерді реттейтін ережелер қабылданды
ашық дереккөзі

 width=

Қазақстанда митинг, жиын және шеру кезіндегі журналистердің жұмысын "реттейтін" жаңа ережелер қабылданды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның бұйрығына сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады. Бірнеше ай бұрын құқық қорғаушылардың өткір сынына ұшыраған бейбіт жиын туралы заң қабылданып, журналистердің жұмысына қатысты тұстарын ведомство БАҚ-қа таныстыра бастаған кезде ақпарат құралдары бұл ережелерді сынаған. Мысалы, жаңа ережеге сай егер митингі не шеруге 200-ден астам адам қатысса, журналистер кемінде бір күн бұрын әкімдікке акция орнында жедел баспасөз орталығын ұйымдастыру туралы өтініш бере алады. Министр Аида Балаева маусым айында "бұл орталық БАҚ өкілдеріне спикерлерді дайындауға, қажетті ақпарат, байланыс нөмірін табуға көмектеседі" деген еді. Ал ақпарат құрал өкілдері орталық журналистерді қуып тығатын орынға айналмауы тиіс деп журналистердің шерудің ортасынан ақпарат тарату құқығын шектемеуді сұраған болатын. Дегенмен ведомство өкілдерінің айтуынша, журналистер "баспасөз орталығынан тыс аумақта да ақпарат жинай алады". Құжатта полиция қызметкерлері журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс деп жазылған. Жаңа ережеге сәйкес, митинг не шеруден ақпарат таратуға барған журналистерде қызметтік куәлікпен қатар төмендегі үш айқындауыш заттың біреуі болуы тиіс:
  • жарыққа шағылысатын жолақтары бар Press деген жазуы бар ашық көк түсті жилет;
  • немесе Press деп қарамен жазылған ашық сары түсті таңғыш;
  • немесе жарыққа шағылысатын сұр түсті матадан тігілген Press деген жазуы бар көк жапсырғыш.
Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін 277 800 теңге көлемінде (шамамен 664 доллар) айыппұл төлету немесе 120 сағат қоғамдық жұмысқа жіберу немесе 45 күнге дейін қамау жазасы қарастырылған. Егер журналист жұмысына лауазымды тұлға кедергі келтірсе, 5,5 млн теңгеге дейін (13 149 доллар) айыппұл немесе 2 жылға дейін бостандықты шектеу немесе үш жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салу жазасы қарастырылған. Қазақстанда пандемия кезінде қабылданған "Бейбіт митинг туралы" жаңа заң билікке ескертпей наразылыққа шыққандарға жазаны күшейткен. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігі қабылдаған "Бейбіт митинг туралы" жаңа заңды шектеулер көп деп сынаған.