Алматы облысында екі аңшылық көлік тоқтатылды

Алматы облысында екі аңшылық көлік тоқтатылды

ашық дереккөзі

   width= 2020 жылдың 17 тамызында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Алматы өңірдік филиалының Алматы ТБ инспекторлары (топ жетекшісі Р. Рахимдильдаев) рейдтік іс-шара жүргізу барысында Алматы облысы Панфилов ауданы Құндызды учаскесінің екі аңшылық шаруашылығының шекарасында екі автокөлік тоқтатылды. Олар Ваз-2107 м/б Р663КР-56 (Ресей автокөлігі) және Форд Транзит-100С м/б 117YMS-13 автокөліктері. Кілік ішіндегі азаматтардың барлығы Түркістан облысының тумалары. Автокөліктердің жүксалғышында Ваз-2107 29 кг әртүрлі тұқымдағы балықтар, ал Форд Транзит-100С жүксалғышында 2 дана үрлемелі резеңке қайық, 100 Амперлік - 5 дана аккумулятор табылды. Метериалдар Панфилов аудандық полиция бөліміне өткізілді. Қосымша ақпарат келіп түсуіне қарай беріледі.

Жүктелуде...