Ким Чен Ын Пхеньяндағы барлық итті тәркілеуде. Неге?

Ким Чен Ын Пхеньяндағы барлық итті тәркілеуде. Неге?

ашық дереккөзі

 width= Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын ел астанасындағы барлық иттерді тәркілеуді бұйырған. Ол ит асырау батыстық құндылықтарды насихаттау деп түсіндірген, дейді The New York Post басылымы. Шілде айында Ким үй жануары ретінде асырайтын иттерді тәркәлеу жарлығына қол қойып, «бұзылған буржуа идеологиясын тоқтатуды» бұйырғаны жайлы бірінші болып Chosun Ilbo Оңтүстік Кореялық басылымы жазған болатын. "Қарапайым адамдар шошқа мен төрт түлік асырайды, ал ауқатты жандар ит асырайды. Бұл әрине қарапайым халық арасында дау туғызары анық. Билік өкілдері иттерді тәркілеп жатыр, олардың көзін жою қалай іске асатыны белгісіз",  деп жазған еді Chosun Ilbo басылымы. Пхеньяндағы ит асыраушылардың ойынша билік иттерді тәркілеп, оны аш халыққа ет ретінде таратып беруді ойлап отыр.

Жүктелуде...