Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Беларусь ұлтшылдарының бағдарламасы: Еуразия экономикалық одақтан шығамыз

Беларусь ұлтшылдарының бағдарламасы: Еуразия экономикалық одақтан шығамыз

Беларусь ұлтшылдарының бағдарламасы: Еуразия экономикалық одақтан шығамыз
ашық дереккөзі
 width= Беларусь ұлтшылдарының бағдарламасы жарияланды: НАТО-ға кіріп, Еуразиялық Экономикалық Одақ пен ҰҚШҰ-дан шығамыз.  Беларусь ұлтшылдары zabelarus.com сайтында өздерінің бағдарламаларын жариялады. Аталмыш сайт Ресейде жұмыс істеуін тоқтатқан. Ұлтшылдар ел президенті Александр Лукашенконы 2021 жылы тақтан тайдырса, бірнеше өзгерістерді іске асыруға тиіс деп санайды. Саяси салада: 1. Ресей басшылық ететін Еуразиялық Экономикалық Одақтан, Кедендік Одақтан, «Одақтас ел» келісімінен шығу. 2. Ұлттық мүддеге қарама-қайшы келетін ресейшіл ұйымдар мен оларды қаржыландыратын барлық қаржылық институттарды тоқтату. 3. Беларусь ұлты мен тіліне тіл тигізгендерді қылмыстақ жазаға тартатын заң қабылдау. 4. Ресей мен Беларусь шекарасын бақылауды күшейту. 5.Экономика саласы бойынша ресейлік тарапқа Беларусь жеріндегі инфрақұрылымдарды сатуға тыйым салу ұсынылыпты. Ал ақпараттық сала бойынша келесі қадамдарды іске асыруды ойластыруда: 1. Ресей телеарналарына тыйым салып, саяси және танымдық бағдарламаларын тоқтату. 2. Латвия, Литва, Польша, Украина телеарналарын қолжетімді ету. Әскери салада Ресеймен барлық қатынасы үзуді ойластырған: 1. ҰҚШҰ ұйымынан шығып, әуе кеңістігін бақылауды толық өз қолына алу. 2. Ресейдің әскери базаларын ел аумағынан толықтай шығару. 3. Беларусь әскерінің отаншыл сезімін арттыру шараларын жүргізу. 4. Беларусь әскеріндегі бұйрық беруді беларусь тіліне өткізу. 5. ЕО елдерімен шекарадағы байланысты арттырып, өткізу пунктерін көбейту. Ұзақ мерзімді көрсеткіште Беларусь елі Ресеймен мүлде байланысын азайтуды іске асыруға тиіс дейді ұлтшылдар. 1. Балабақшадан бастап университетке дейін оқу бағдарламасын толықтай беларусь тілінде жүргізу. 2. Беларусь православ шіркеуін қалпына келтіріп, Ресей шіркеуімен байланысты үзу. 3. ЕО мен НАТО ұйымына мүше болу үшін барлық шарттарды орындап, ұзақ мерзімді негізде мақсатты орындау.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ