Лукашенко 300-ден астам қарулы күштер өкілдерін марапаттады

Лукашенко 300-ден астам қарулы күштер өкілдерін марапаттады

ашық дереккөзі

 width=
Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобын үш дәрежедегі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі  ТАСС-қа сілтеме жасап. Лукашенконың 13 тамызда қол қойған жарлығымен 300-ден астам адам марапатталды. "Мінсіз қызметі үшін" дәрежесімен марапатталғандардың ішінде БР ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары Хазалбек Атабеков те бар. Беларусь еліндегі президент сайлауы 9 тамызда өтті. ОСК қорытынды мәліметтеріне сәйкес, Лукашенко 80,10% дауыспен жеңді. Ал оның басты қарсыласы - Светлана Тихановская ІІ-орында 10,12 пайызбен тұр, ол сайлау нәтижелерін мойындамады. Дауыс берудің алғашқы нәтижелері шыққаннан кейін бірден Беларусь елінде наразылық акциялары басталды, ақыры тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Митингілер бір апта бойы жалғасуда, БР ІІМ мәліметінше, бірнеше мың адам қамауға алынды, ондаған полиция қызметкері мен демонстранттар жарақат алды.

Жүктелуде...