Жауын жауса, елорда көшелері көлге айналады

Жауын жауса, елорда көшелері көлге айналады

ашық дереккөзі

Нөсерлеп жаңбыр жауса астанамыз неге Венецияға айналады? Бұл сұрақтың жауабы араға 6-7 жыл салып табылғандай. Елорда халқын әбігерге қылып, қала ішіндегі көлік қозғалысына кедергі келтіретін судың жиналуына жауапсыз қала тұрғындары мен кей бизнес өкілдері кінәлі екен. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «Смотри, это в каком городе? В Астане или где? У нас такого не было. Как не было? Следущий слайд дайте! Вот, это Тайланд что ли? Не было? Нет это было. Барлығы осы қаланың фотографиясы. Слушай, ты оказывается по городу не ходишь! Экспо болғанда халыққа қайық дайындап қой. Лодки поставь, позорится будем на весь мир!». Бұл болашақ энергиясы қандай болатынын әлемге көрсету үшін көрме өткізейін деп жатқан кез. Сол уақытта Мемлекетті басқарып тұрған Нұрсұлтан Назарбаев атқарушы биліктің өкілдерін тізіп қойып, сөзбен сабап алып еді. 2016 жылдың көктемінен бері жағдай түзелер деп үміттендік. Мына видео 2017 жылғы жазда түсірілген. Шаруаның шешілгені байқалмайды. 2018 жылы тұрғындар әкімдікті келеке қылып, қайықпен су үстінен жүзіп өтіп еді. «Астана, левый берег. Куда вы деньги вкладываете?» 2019 жылы да жаңбырдың суы халықтың жүйкесін біраз жұқартты. Биыл да бір көсегеміз көгеріп, "жаңғыра" алмай қойдық. Қаланың коммуналдық қызметінің арнайы сусорғы көліктері тынымсыз жұмысқа кіріскенімен үлгермей жатты. «Мынау біздің центральный ливневый сеть. Міне көргендеріңіздей үйден өзінің септигін қосып қойған. Көріп жатырсыздар ғой әне». Тиынның екі жағы бар. Жаңбыр жауса көшенің көлшікке айналуына кей бизнес өкілдері мен жер үй тұрғындары да кінәлі екен. Жауапсыз азаматтар үйлеріндегі септиктерден шығатын лас суды көбіне жаңбырдың суы ағатын жүйеге қосып тастайтын көрінеді.  Экосистем өкілдері бір ай ішінде 26 мың орынды аралап, тексеріс жүргізіпті. Әбдіманап ЖҰМАДІЛДАЕВ,  "ELORDA ECO SYSTEM" КОМПАНИЯСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бетон араласпасын алып келетін үлкен Камаз көліктер бар. Солардың қазір қойылған фактісі ішіндегі қалған шайынды бетонын жаңбыр су кәріздік люкке құйып жіберген. Ішіне түскен соң қатып қалған. Біздің алған жерімізде кәріздік трубаның 80 пайызы бітеліп қалған соң сондай проблемалар болды». «Адрес Талапкерская 2б. Две трубы врезали в ливневые канализации. Вот этот дом вот». Сөз ұқпайтындармен әңгіме қысқа. 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынады. Канализациялық жүйеге қосылғанның орнына жаңбыр суы ағатын бөлікке заңсыз құбыр тартқандар жетіп артылады екен. Балтабек БАЛАБАЕВ, КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЗАЛАУШЫ «Кісілер качать етеді үйлерінен.  Істеп жатқан кезде келеді де айғайлайды деп істеп жатырсыңдар деп». Астанада су өткізу құбырларын жаңалау және жаңадан ортану жұмыстары жүріп жатыр. Тексеріс шаралары да қарқын алған. Бұл шаруалар соңына дейін жетсе, бәлкім көл болып жататын жаңбыр суы Көлгіновтың кезінде сап тыйылар деген үміт бар.

Жүктелуде...