Нұр-Сұлтанда 600-ден астам пәтерлі тұрғын-үй кешені қыста жылусыз қалуы мүмкін. Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан үйдің тұрғындары бұған өз "Жайлы үйлер" деген атаулы пәтер иелері кооперативін кінәлайды. Коммуналдық қызмет көрсететін компанияға өзге де көппәтерлі үйді мекендейтіндердің айтары бар. Бұл туралы
NewsRoom+ Ақпарат тілшісі
Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаладағы «Тәуелсіздік, 6/2» үйінің тұрғындары болашаққа алаңдаулықпен қарайды. Өйткені бес қабатты тұрғын үйге жауапты «Жайлы үйлер» пәтер иелері кооперативі оны қараусыз қалдырған. Әсіресе жертөле қабаты соғыстан кейінге кейіпте.
"Ірі кірпіш батып кететін су деңгейі соңғы үш аптада көтеріле бастаған. Оның қай жерден келіп жатқанын тұрғындар білмейді. Сонымен қатар, су жиналғалы бері құбырлардың жолымен, тесіктермен әр пәтерге қолқаны қабатын иісте келіп жатыр дейді. Сондай-ақ, міне, көрдіңіздер ғой, судың көтерілуімен дәл осы уақытта жертөледе шыбын-шіркей көбейіп, адамдарға маза бермей келеді екен".
Оң жағалаудағы үйді мекендеушілер оның 1971 жылы бой көтергенін айтып, мәселе тез шешімін таппаса, құлауы мүмкін дейді. Ал, тұрғын Ботагөз Ахметова жоғарыда атаған пәтер иелері кооперативіндегілер үйге тек ақша жинау үшін төбе көрсететінін айтады.
«Бізден ақша жинайтын кезде келеді: "Мен осы КСК-ның бастығымын деп". Ал, ақша жинаймайтын кезде көрген жоқпын, кім екенін білмеймін. Иесіз үй сияқты енді", - дейді үй тұрғыны Ботагөз Ахметова.
Бұл қиындыққа аталмыш үйдің тұрғыны Анжелика Хапилина наразы. Келіншек өмірімізді жайлы етеміз деген «Жайлы үйлер» коопервативі қызметшілерін танымаймыз, бетпе-бет кездеспегенбіз, кеңселері қайда екенін білмейіз дейді. Кооперативтің интернеттегі телефонын тауып, хабарластық. Сөйтсек мекен жайы «Тәуелсіздік, 6/2» алыстау екен.
"Адрес КСК какой?"
-"Момышулы, 16".
Біз аталған мекен жайға бардық. Бірақ компанияның маңдайшасы көрсетілген кеңседе ешкімді таппадық.
"Не открывают, нам люди сказали, что они уволились. Куда непонятно. Что нам делать, где искать?"
Бірақ бізді көрген "Бауыржан Момышұлы, 16" үйдің тұрғындарының айтары бар болып шықты. Олардың сөзінше, "Жайлы үйлер" коопервативі осы «Восток» деп аталатын тұрғын-үй кешеніне де жауапты екен. Алайда компания үйдің тоз-тозын шығарыпты. Салдарынан 600-ден астам пәтерлі нысан қыста жылусыз қалуы мүмкін.
"Біз бірінші кезекте жылыту маусымын ойлауымыз керек. Сондықтан апта сайын жиналып, біз жылу құбырларын ауыстыру керекпіз. Қазір біз қайта құрылымданып, жағдайды өз қолымызға алмасақ, қыста біз үлкен қиыншылыққа тап болатынымыз анық", - дейді үй тұрғыны Шолпан Жақанова
Қос үйді мекендеушілер «Алматы» ауданының әкімдігінен көмек сұрамақ. Біз де шенеуніктердің қандай жолмен қол созатыны білген едік. Атқамінерлер жағдайды білетіндерін, бірақ жауап беруге дайын еместіктерін мәлімдеді. Сондай-ақ тұрғындар қалалық әкімдіктің "109" нөмірлі "Ай-Көмек" жүйесіне хабарласқанымен, еш нәтиже жоқ деген еді бізге. Ақ жағалылар болса, тұрғындарға құр хат жазбай, мемлекеттік мекемеге келуін сұрады.