19 жастағы Бекзат Төребек бала кезінен музыкаға әуес екенін және әлемдік сахналарда өнер көрсетуді армандайтынын айтты.
https://www.youtube.com/watch?v=cuqbipKYw6M&feature=emb_title
Шымкенттегі жанармай бекетінде жұмыс істейтін әнші жігіт Қазнетте танымал бола бастады.
19 жастағы Бекзат Төребек жұмыста белгілі қазақ композиторларының әнін шырқайды,- деп хабарлайды
NewsRoom+ Ақпарат тілшісі
Astana TV-ға сілтеме жасап. Жүздеген көлік иесі мұндай қызметке тәнті болған.
Абай Құнанбаев пен Шәмші Қалдаяқовтың әндерін Бекзат ерекше сезіммен шырқайды. Жанармай бекетіне келушілер өнерлі жігітті видеоға түсіріп, желіге жүктеген.
"Мен классикалық әндер орындаушысы болғым келеді. "Ла Скала", "Метрополитен", "Астана Опера" сынды сахналарда өнер көрсетуді армандаймын, - деді Бекзат Төребек.
Ол бала кезінен әнге әуес екенін айтып отыр. Музыкалық мектеп пен колледж тәмамдаған. Құжаттарын астаналық жоғары оқу орнына тапсырды. Бекзат жанармай бекетінде отбасына қолғабыс болу үшін уақытша жұмыс істейтінін жеткізді.