Бейрут кемежайындағы жарылыс орны туристер ағылатын тамаша орынға айналды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Жойқын апаттан соң жергілікті тұрғындар қираған ғимараттар алдында суретке түсіп, естелік қалдыруда. Еске сала ктесек, 4 тамызда болған жойқын жарылыстан кейін қазір Ливан астанасы соғыстан кейінгі қаланы еске салады: Жолдар бүлініп, қаншама нысан үйіндіге айналған. Қоқысқа лық толып, тас-талқаны шыққан көшелер саны да жетерлік. Қазір шаһарда біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.