Тимирхан Исабалұлының айтуынша, қалада медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Яғни, бөлшек дәріханаларында дәрілік заттардың негізгі қоры жеткілікті. Атап айтсақ, 120 600 қорапта ыстықты түсіретін және 175 000 қорапта вирусқа қарсы препараттар бар. Сондай-ақ, 1 982 000 антибиотиктер, 24 860 қорапта антикогулянттар және 730 000 қорапта «С» витамині бар.
Айта кетейік, қаладағы эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Мәселен, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 4 жағдайы тіркеліп, өсім 0,1%-ды құрап отыр. Жалпы, Шымкент қаласында 2020 жылғы 24 наурыз бен 16 тамыз аралығында инфекцияның 5150 жағдайы (2625 симптомды, 2525 симптомсыз) тіркелген.