weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев ақпарат министріне нақты міндеттер жүктеді

Тоқаев ақпарат министріне нақты міндеттер жүктеді

Тоқаев ақпарат министріне нақты міндеттер жүктеді
ашық дереккөзі
 width= Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қазақстан президентіне министрлік жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, оның қызметін одан әрі дамыту туралы ақпарат берілді. Кездесуде ақпараттық саясат және азаматтық қоғам мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда Аида Балаева отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдау және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жайында баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша президент министрлік алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.