Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Қазақ вальсінің королі» туралы қызықты 10 дерек

"Қазақ вальсінің королі" туралы қызықты 10 дерек

«Қазақ вальсінің королі» туралы қызықты 10 дерек
ашық дереккөзі
  Шәмші Қалдаяқовтың өмірден өткеніне – 20 жыл | Otyrar.KZ Бүгін сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов көзі тірі болғанда 90 жасқа толған болар еді. Өзі өлсе де, артына өшпес із қалдырған Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Бүгінгі туған күніне орай, сазгердің тағдыры мен ғұмыры туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі қызықты деректерді ұсынамыз. 1. Шәмшінің әкесінің азан айтып қойған есімі Әнәпия. Аяғындағы қалды көрген жеңгелері "Қалдыаяқ" деп атап кеткен. 2.Шәмшінің музыка өнерінде орны ерекше және де 300-ге жуық әні бар. 3.Шәмшінің музыкалық қабілеті нағашыларынан дарыса керек, өйткені әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болған. Әншілікпен әуестігі болмаған. Ал анасы Сақыпжамал той, жиындарда тамылжыта ән шырқайтын болған. 4.Шәмші Қалдаяқов пианиноны да, домбыраны да жосылта тартқан. 5.Лирикалық әндеріне қарай Шәмшіні "Қазақ вальсінің королі" деп атап кеткен. 6.Шәмші әндеріне басқа түгіл ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып: «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300 — ге жуық ән шығару деген — ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек», — деген екен. 7.Қазақ жері бөлшектенгелі жатқанда оның асқақтығын жырлайтын ән керектігін сезеді. Сөйтіп «Менің Қазақстаным» әні туады. 2005 жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді. 8.1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Байқау талай таланттардың тұсауын кесіп, үлкен сахнаға жолдама берді. 9.Шымкент қаласында облыстық филармония, Шымкент, Алматы мен Астана қалаларында көше аттары, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған. 10.Сазгердің әндеріне көбінесе Мұхтар Шаханов, Сабырхан Асанов, Қадыр Мырза Әли, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Төлеген Айбергенов, Зәкір Шүкіров, Тұманбай Молдағалиев, Ғафу Қайырбеков сынды қазақтың дарынды ақындары қалам тербеген. Шәмші ұлдарының өнер жолына түсуін армандаған. Екі ұлы Қасым мен Мұхтар әкелерінің жолын қуып, бүгінде екеуі де өнер әлемінде ретінде еңбек етуде. Халық әндерін сүйіп тыңдайтын сазгер 1992 жылдың 29 ақпанында өмірден өтті.