Ал шет мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы Қазақстанмен бірдей болса, міндетті түрде ПТР-тесттің анықтамасы болуы қажет. Осы құжаттың мерзімі бес күннен аспауы тиіс."Бізде қоғамдық денсаулық сақтау ұлтық орталығы бар. Осы мекеме Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды ғана емес, әуе қатынасы қайта жанданған мемлекеттердің де жағдайын зерделеп отырады. Егер шет мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдай жақсы болса, онда ол елден келетін жолаушылар үшін ешқандай шектеулер жоқ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
"Егер ПТР-тесттің анықтамасы болмаса, онда жолаушының жеке мәліметтері арнайы ұялы қосымшаға енгізіледі. Содан соң ол адам екі күнің ішінде ПТР-тест тапсырамын деген қолхат жазып беруі керек немесе 14 күн үйде карантинде отырып шығуы тиіс. Екеуінің біреуін таңдайды. ПТР-тестті тапсырамын десе, оның бәрі ұялы қосымша арқылы бақыланады", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.