weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда биыл туристік кешен ашылады

Түркістанда биыл туристік кешен ашылады

Түркістанда биыл туристік кешен ашылады
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында жүріп жатқан әкімшілік, әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бақылады. Облыс басшысы Түркістан қаласындағы басқармалар ғимараты мен драма театры, Қ.А.Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарында болды. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалған нысандарда ішкі әрлеу, техника мен жиһаз орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құны 39 млрд теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→