Адамзат – өн-бойына мыңдаған қызықты деректерді топтастырған тылсым жаратылыс. Енді осы қызықты ақпараттарды тізбектеп көрейік.
- Ағзадағы қалыпты мүмкіндікке 35-65% салмақ түскенде ғана, адамның бойында шаршау белгілері білінеді.
2. Жүрек қан тамырлары жүйесінің белсенділігі максималды түрде 18 сағатқа жалғасса, минималды көрсеткіші 3-4 сағатты құрайды.
3. Тұқым қуалау барысында биологиялық сапа белгілерінің берілуі бірінші баладан бастап, төртінші балаға дейін жалғасады. Одан кейінгі жүктілікте біртіндеп азаяды.
4. Өкпенің беткі қабаты – 100 шаршы метрге тең.
5. Адамның оң жағындағы өкпесі сол жағындағы өкпеге қарағанда ауа сиымдылығы жағынан үлкендеу.
6. Адамдардың сүйегі мен бұлшық еттерінің жалпы салмағы оның дене салмағының 30-40 пайызын құрайды. Ал, дененің 60 пайызы судан құралған. Нәзік жандылардың назарына: әйелдердің организміндегі майдың үлес салмағы кем дегенде 15 пайыз болуы тиіс. Егер осы көрсеткіштен кем болатын болса, онда белсіздікке ұшырау қаупі бар.
7. Жүректің бір дүрсілі 200 мл қан айдауға қауқарлы.
8. Ересек адамның қан айналымы 20-28 секунд ішінде жүзеге асса, сәбилерде – 15 секунд, ал жасөспірімдерде – 18 секунд.
9. Адам организміндегі ең мықты бұлшық ет – жүрек емес, тіл. Ал, жүректің бұлшық еті – ең шыдамды болып есептеледі.
10 .Адам басындағы шаштың ұзындығының жиынтығын есептейтін болса өмір сүруіне қарай 725 километрді құрайды.
Дереккөз: El.kz порталынан