Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Мен мұны бұрын көргенмін» немесе дежавю деген не ?

«Мен мұны бұрын көргенмін» немесе дежавю деген не ?

«Мен мұны бұрын көргенмін» немесе дежавю деген не ?
ашық дереккөзі
Кейде бәр сәт дәл қазір болып жатқан нәрсені бұрын көргендей сезімде боламыз. Мұндай күйді адамдардың 97 пайызы өткерген. Ондай кезде «бұл нәрсе бұрын болған сияқты» дейміз. Неге олай болатыны, әрине, қызықтырады. «Дежавю» – француз  тілінен аударғанда «көріп қойғанмын» дегенді білдіреді. Қазіргі ғылыми зерттеулер дежавю кезінде адамның миында не болатынын көрсетті. Ондай кезде мидың осы шақтың сенсорлы сигналы («бұл қазір болып жатыр») және ұзақуақыттық есте сақтау («маған бұл бұрыннан таныс») деген екі бөлігі бірдей іске қосылады. Есте сақтау бұл уақытта өте белсенді жұмыс істеп тұрғандықтан оның сигналы қабылдаудан аздап озады. Сөйтіп, «болашақты білу» сезімі бірнеше секундқа жылдамырақ пайда болады. Осылайша, ғалымдар «дежавю – естің қателігі» деген тұжырым жасаған. Ал дежавюдің неліктен пайда болатыны әзірге ғылымда жауап жоқ. Дереккөз: mali.kz порталынан