Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қаржы нарықтарындағы жаһандық үрдістерге және олардың біздің елімізге тигізетін әсері туралы болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Әлемдегі ең ірі орталық банктері экономикаларын белсенді ұстау үшін ынталандыру бағдарламаларын жалғастыруда, ал үкіметтер COVID-19 әсерін азайту үшін қосымша қаржылық шараларды қарастыруда.
Мәселен, АҚШ үкіметі салықтан босату мен жұмыссыздықты реттеу сияқты экономикалық белсенділікті қалпына келтіру үшін кем дегенде 1 триллион АҚШ доллары көлеміндегі қосымша ынталандыру шараларын мақұлдауда.
"Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші Aramco компаниясының мәліметінше, Азия нарығындағы мұнайға сұраныс қалпына келеді. Мұның бәрі біздің валюта нарығымызды қолдау факторларына жатады.
Орталық банк ретінде біз күн сайын жағдайды бақылауда ұстап отырмыз және қажет болған жағдайда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін керек деген барлық шараларды қолданамыз", - деп қорытындылады Молдабекова.
" Екінші жағынан, эпидемиологтар бірқатар елдерде коронавирустық инфекцияның екінші толқыны болуы мүмкіндігін айтты. Бұл мұнай бағасының өсуіне тосқауыл болып отыр. Біздің негізгі сауда серіктестеріміз - Ресей мен Қытай экономикасында тұрақсыздықдар орын алуда", - деді Әлия Молдабекова.
Қаржы реттеушісі өкілінің айтуынша, Қазақстан әлемдік қаржы нарықтарымен терең интеграцияланған, сонымен қатар біздің еліміздің өз ішкі ерекшеліктері бар.