Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Халық енді Бестөбе шатқалын ластауда

Халық енді Бестөбе шатқалын ластауда

Халық енді Бестөбе шатқалын ластауда
ашық дереккөзі
"Көбейтұз тағдырын қайталауы мүмкін". Ақмола облысындағы Бестөбе шатқалының болашағына қоршаған ортаға жауапты шенеуніктер алаңдап, дабыл қағуда. Сілеті өзені бойымен 10 шақырымға созылған әсем табиғат соңғы уақытта қоқысқа толып, кей жерлерде келушілер өртке себепші болуда екен. Осы себепті еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстары министрілігі арнайы рейд жасады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат агенттігі сілтеме жасап  хабарлайды. "Керемет, иә? Біз - Бестөбе шатқалындамыз. Бұл шамамен Нұр-Сұлтаннан 200 шақырымдай жер. Бұл жерге біз әдейі рейд үшін келдік. Қоршаған ортаға жауапты мамандардың айтуынша, мына тұмса табиғатты көп қазақстандық біле қоймайды. Бірақ, соның өзінде осы шатқалда проблема жетерлік. Ол қандай екен? Дәп қазір айтатын боламыз". Ерейментау ауданындағы шатқалда бірінші кезекте шешерлік мәселе  қоқыс жайы. Бестөбе ауылдық округінің аймағындағы каньонға келушілер шыны, қаңылтыр, пластикалық бөтелке мен стақан, пакеттерді көптеп тастайды. Жергілікті билік Бестөбе шатқалына соңғы екі аптадан бері адамдар көптеп ағыла бастады дейді. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, тіпті, Ресейден де  келгендер болғанымен, демалушылар аса бұл жерге қызықпапты. Пандемия әсері ме, әйтеуір суға түсіп, сергігісі келгендердің қарасы артқан. Сәйкесінше, төтенше жағдай да көбейген. Біздің түсірілім тобы дала өртінің үстінен түсті. Адам кесірінен 500 гектар жер жанып кетіпті. Бұл екінші мәселе.  Сәуле СҰЛТАНОВА, СІЛЕТІ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: "Құрылған палатканың жанында өрт кетіп, тамақ пісіп жатырған кезде. Өртті сөндірудің орнына демалушылар машинаға отырды да, кетіп қалды. Сол өртті бүгін біз 02:05-ке дейін өшірумен болдық. 22:30 жарымнан бастап, 02:00-ге дейін". Жазық даладағы жоталы жерде жазғы күнін өткізушілермен де сөйлестік. Кейбірі туған жерімізде мұндай әсем табиғаттың бар екенін білмедік десе, өзгесі қоқыстың қордалануы қынжылтады, дейді. "Замечательно. Первый раз вижу. Прелесть. Сколько лет живу здесь, первый раз увидел". "Халықтан дем алған жақсы ғой. Бірақ, артын жинап кеткен жақсы. Себебі келесі, болашақ ұрпақ та осы жерге келмей ме?! Сондықтан өтініш, өзіңізбен бірге тазалықты сақтап жүріңіз". Ұзындығы 10 шақырымға созылатын шатқалды полицейлер де аралайды. Алайда олардың тыңдайтын құлақ аз. Біз емес, өздері солай, дейді. Араларында кейбірі демалыстарын бұзғандарға наразылық білдіріп қояды. "Тут видите зачастую происходят засорение экологии. Тут люди жгут костры, после чего происходят пожары. Да, они не слушаются". "Все запрещаете. Туда ходи, сюда ходи!". Ескертуді ескермейтіндер көп болғасын,  құзырлы министрлік демалыс орнында тәртіпті күшейтпек. Қоқысты тастап, қауіпсіздік шараларын қаперге алмағандар әкімшілік жазаға тартылады. Ермек  ОМАРОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Министрлік әкімшілік және экологиялық кодекске өзгерістер енгізіп жатыр. Оның аясында ведомство қызметкерлеріне пәрмен берілуі тиіс. Демек, министрлік өкілі қоқыстаған, табиғатты аяламаған жанды әкімшілік жазаға тарта алады". Бестөбе ауылдық округінде тұратындар да үшінші мәселе алаңдатады. Олардың айтуынша, жағажайда қалған тұрмыстық қалдық Сілеті өзенінің деңгейі көтерілгенде түбінде қалып қояды. Сөйтіп, су табанында аяқ кесіп алу жағдайы көбейген. "Осылай суға түсіп жатқан еді. Аяғын кесіп кетті. Содан бастап табаны тесіліп қалды. Қанша операция істеді. Әлі күнге шейін жазылмай жатыр. Өзен тасиды ғой. Тасығанда судың астына бүкілі кетеді". Бестөбе шатқалындағы маңызды деген үш мәселені тізбектедік. Шенеуніктер де, жергілікті тұрғындар да, бастысы, тұмса табиғатты қолдан құртып, "Көбейтұз" тағдырын қайталауға жол бермесек, дейді. Ал, ол үшін әзірге Ақмола облысындағы бұл керемет жерді көпшілік білмей тұрғанда, заң күшейіп, демалыс аймағы қорғауға алынуы тиіс сияқты.