Неге киілген киімді біреуге беруге болмайды?
Неге киілген киімді біреуге беруге болмайды?
ашық дереккөзі
Киім мен аяқ-киімге байланысты ырым-тыйымдар
Ежелгі таным бойынша адам мен оның заттары арасында ерекше энергетикалық байланыс бар деп саналады. Сондықтан дұға оқып, қастық жасау үшін әлгі адамның бір киіміне қол жеткізсе, сол да жетеді деп есептелген. Киімді адамға зиян келтіріп қана қоймай, сонымен бірге сәттілік, одан да басқа жақсылықтар келтіру үшін де "оқыған". Әрине, үйдегі ескі-құсқысын таратып беріп, жолым ашылды деп жататындар көп кездеседі.
Бірақ адамдар киген киімін бұрындары кім көрінгенге бере бермеген. Көбіне, жақын адамдарына берген, өйткені ол туысқанына жамандық ойламайды деп санаған. Сол секілді тек қайтыс болған адамның киімін ғана таратқан.
Тіпті, қайырымдылық мақсатта киілген киімдерді мешітке немесе тағы бөтен біреулерге таратып бергіңіз келетін болса, онда оны алдымен арнайы тәсілмен жуып алған жөн. Ертеректе адамдар біреуге беретін киімін тұзбен жуған. Бүгін де дәл солай жасауға болады. Мысалы, кір ұнтағына тұзды қосасыз, ал аяқ киімді кенеп қапқа салу керек.
Аяқ киім - адамның энергиясын көп жинайтын дүние. Эзотерикалық тәжірибенің басым көпшілігіне сәйкес, сексенге жуық энергия арналары аяқтың табаны арқылы өтеді. Яғни, адаммен ең жақын әрі ұзаққа созылатын энергетикалық байланыс кроссовка, етік және басқа да аяқ киімдер арқылы жүреді.
Тағы қандай заттарды беруге болмайды ?
Бөтен адамдарға киім мен аяқ киімнен басқа да мынандай заттарды беруге болмайды:
- матрацтар, кілемшелер, төсек-орын, көрпе-жастық; орамалдар, бас киімдер және басқалар;
- іш киімдер және денеге тиетін - футболка, жейде, пижамалар;
- әмиян, сөмке, рюкзак және тағы басқалар.
Ешқандай жағдайда өзіңіз пайдаланатын айнаңызды біреуге, тіпті бірнеше минутқа да бермеңіз. Ерте заманда тағы мынандай бір ырым болған. Егер адам ауырып қалса, туыстары оның көйлегін киіп, үйден аулақ кетіп, тойға немесе жәрмеңке барып, көңіл көтеріп қайтқан. Немесе оны алып кетіп, қайыршы адамға берген. Осылайша, адамдар туысқандарының ауруын бөтен адамға "ауыстырған". Сондықтан, бұрын қолданылған заттарды сатып алу кезінде және оны кигенде сақ болған жөн
Дереккөз: mail.kz