Ресей: 8 жылдан кейін Марсқа адам жібереміз !

Ресей: 8 жылдан кейін Марсқа адам жібереміз !

ашық дереккөзі

Алдағы он жылдықта Ресейдің ғарышқа адам жіберуге техникалық мүмкіндігі болмақ. Бұл туралы «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин «Мир 24» арнасына берген сұхбатында айтты. «Айдың маңындағы гравитациялық қиындықтарды еңсеріп, Марсқа жетіп, оған адам қондыруға біздің 8−10 жыл ішінде толық мүмкіндігіміз пайда болады», - деді ол. «Егер мемлекет бұл жобаны қаржыландыруға дайын болса, халқымыз бұл бізге керек десе, онда «Роскосмос» бұл жобаны іске асырады. Мен сіздеге кепілдік беремін», -деді  сөзін нақтылай келе Ресей ғарыш саласының басшысы Рогозин. Бұған дейін Рогозин «Айды Ресей Қытаймен бірлесе зерттейді» деген болатын. Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...