Түлкібас ауданында 54 көше жөндеуден өтуде

Түлкібас ауданында 54 көше жөндеуден өтуде

ашық дереккөзі

 width= Түлкібас ауданында биыл жалпы ұзындығы 68 шақырымды құрайтын 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 36 шақырымдық 35 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 11,24 шақырымы пайдалануға берілген. Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында толық аяқталатын болады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Сонымен қатар, ауданда жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 6 жоба іске асуда. Олар: 3-і мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және 3-і инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту. Бағдарламаның ерекшелігі жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 адам жұмылдырылса, оның 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр. Бұл дегеніміз елімізде орын алған карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша жұмыс көзінің пайда болуы. Осылайша аудан тұрғындары қиын кезеңде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр.

Жүктелуде...