Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан тұрғындары суға кеткен баланы құтқарған еріктілер мен полицейлерге алғыс айтты

Түркістан тұрғындары суға кеткен баланы құтқарған еріктілер мен полицейлерге алғыс айтты

Түркістан тұрғындары суға кеткен баланы құтқарған еріктілер мен полицейлерге алғыс айтты
ашық дереккөзі
 width= Келес АПБ-не Абай ауылы жанынан ағып өтетін Келес өзенінде шомылып жүрген белгісіз бір бала ағып бара жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Ақпарат алысымен тез арада Келес АПБ-нің жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты.  Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Полицейлердің анықтауынша, күндізгі сағат 11:30 шамасында Келес өзенінде  шомылып жүрген 10 жасар жасөспірім абайсызда судың терең жағына барып қалып, өзеннің ағысы алып кетеді.

 width=

Сол уақытта өзен жағасында жүрген  Келес АПБ-нің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсене қатысып жүрген ерікті  азамат  Ташанов Еркеғали баланы көріп қалып, шұғыл әрекетке көшеді. Көз алдында өзенге батып бара жатқан баланы қалайда аман алып қалу ниетімен суға тез сүңгіп, дем жетпей, су түбіне кетіп бара жатқан  жасөспірімді дер кезінде құтқарып қалады. Осылайша ерікті азамат өзінің ерлігін көрсетіп, жас баланың өмірін сақтап қалды. Жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Келес аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда оның денсаулығы жақсы, үйіне шығарылған.  width=Балаларына қайта өмір сыйлаған ерікті Еркеғали мен Келес АПБ қызметкерлеріне жасөспірімнің туған-туыстары шынайы алғыстарын айтып,  ризашылықтарын жеткізді. Жұмыстарына табыс, қоғамдық тыныштықты сақтауда атқарып жатқан қызметтеріне абырой тіледі.