
Бүгін кезекті зерделеу жұмыстары Түркістан қаласына қарасты бірқатар бөлшек сауда орындарында жүргізіліп, тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға сәйкес, сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің шектік бағасы мен қолжетімділігі назарға алынды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмысшы топтың құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелері, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Б.Байғазиев пен "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
