weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өкпені жасанды желдету аппараттары Мақтааралға жеткізілді

Өкпені жасанды желдету аппараттары Мақтааралға жеткізілді

Өкпені жасанды желдету аппараттары Мақтааралға жеткізілді
ашық дереккөзі
 width= ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Инжиниринг" АҚ-ы жасап шығарған 10 өкпені жасанды желдету аппараты республикада ең алғашқы болып Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жеткізілді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ақмола облысы Көкшетау қаласында өндірілген отандық өнімді 2000-ға жуық шақырым жерден Мақтаарал ауданына алып келуге "Азала груп" компаниясы атсалысты. Жасанды тыныс алу аппараттары Мақтаарал аудандық "Мырзакент" ауруханасы мен "Атакент" ауруханасына табысталды. Айта кетейік, бұған дейін де "Азала груп" компаниясы медициналық бетперделер мен дезинфекциялық құралдарды тегін таратып, жергілікті халықтың алғысын алған болатын. Медицина қызметкерлері өз тараптарынан қауіпті дертпен күні-түні  аянбай күресуде. Жалпы, Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2391 жағдай тіркелген. Сауығып шыққан науқастар саны – 1674.