Елімізде дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректеріне байланысты Сарыағаш ауданында да дәріханаларға мониторинг шаралары жүргізілді. Аудан әкімі Мухит Отаршиев бастаған арнайы мониторингтік жұмыс тобы бірқатар дәріханаларға барып, дәрілердің бағасын бақылап қайтты, - деп хабарлайды
NewsRoom+ Ақпарат агенттігі.
Арнайы топ аудандағы орталық базар маңында орналасқан 3 бірдей дәріхананы аралап, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Тексеру кезінде дәріханалардың бірінде кассалық аппарат болмаған, кейбірінің бағаларды тым қымбаттатып жібергені анықталды. Тағы бірінде қазіргі таңдағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектер болмаған.
Оған дәріхана иелері дәрі-дәрмектердің уақтылы жеткізілмеуін себеп болып отырғанын айтты. Бұл ретте аудан басшысы кәсіпкерлерге бағаны шектен тыс көтеру немесе карантиндік талаптар сақталмаған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
Мұзхит Отаршиев сондай-ақ, мониторингтік шаралар барысында жергілікті халықпен де сөйлесті. Қандай дәрілер тапшылық туғызып отырғанын сұрап, бұл мәселені шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.