Жамбыл облысында қамқоршылардың озбырлығына шыдамай, екінші қабаттан секіріп кеткен 10 жастағы баланың оқиғасына қатысты тың деректер шықты. Асырап алушылардың жеткіншекке тәулік бойы тамақ бермей, бөлмесінде қамап ұстағаны былай тұрсын, оған жасаған сорақылықтары кқп көрінеді. Мұның бәрін Даниил өзі айтып беріпті.
Бұл туралы
Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.
- Ну, понимаете, у меня там была такая жизнь, от нее можно было даже утопиться в речке.
-Не надо, ради бога!
-... лишь бы не жить там!
Бұл 10 жастағы Даниил мен оған аяушылық танытып, тамақ тасып жүрген Қаратау қаласы тұрғынының телефондағы әңгімесі. Ата-ана жылуын сезінбеген бала ішіне бүккеннінің бәрін бейтаныс адамға айтыпты. Екінші қабаттан секіріп кетіп, 12 сағат бойы көршілерінің ауласында бой тасалауына да сол қамқоршыларынан қорқып қалғаны сеп болған. «Анам мен әпкелерім түртпектеп, күн көрсетпейтін, сол кезде тіпті өмір сүргім келмей кетті» дейді Даниил.
Наталья , ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Балаға тамақ беріп отырып, тізесіне көзім түсіп кетті. Үлкен тыртық бар екен. Жайлап, сұрастырдым, өйткені, ол жай тыртық емес еді. «Даниил, мынау не десем, «бидайға тіземмен отырғызып қоятын, соның ізі деді. Төбе шашым тік тұрды. Ауырды ма десем, «шыдамасаң, болмайтын» деді сыбырлап».
Даниилдің басындағы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. «Не молчи» қорының төрайымы Дина Смаилова мән-жайдан хабардар. Өйткені, Наталья Даниилмен арадағы әңгіменің аудиожазбасын дереу қоғам белсендісіне жолдаған. Баланың болашағына алаңдайтынын айтып, араша сұрапты. Қор басшылығы құзырлы органдар мен халық қалаулыларының мәселені басты назарда ұстауын талап етіп отыр.
Дина СМАИЛОВА, «НЕ МОЛЧИ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
«Ресми түрде қамқоршы міндетінен шеттетілді дегенімен, Валерий Рихтер палатада, баланың жанында отыр. Ересек адам жанында болғасын, оның мысы басады, бала ойын бүкпесіз айта алмайды. Меніңше, бұл жерде психолог жақсылап баламен жұмыс істеуі керек. Әрі ол мектеп писхологы емес, кәнігі маман болуы керек. Және іске атүсті қарамайтын, баламен 1-2 ай бойы жұмыс істеп, сонан кейін да шешім шығаруы қажет»
Ал Валерий Рихтердің өзі өткенде мұның бәрі жала екенін айтқан еді.
Валарий РИХТЕР, БАЛАНЫҢ ҚАМҚОРШЫСЫ:
«Даниил үй алдында жүрген машиналарға қараймын деп, абайсызда терезеден құлап кетті. Кейін біз оған ұрысамыз ба деп қорқып, көршімнің бақшасына барып тығылып қалған екен. Желіде біз туралы небір әңгімелер тарап жатыр.Терезеден әдейі лақтырды, тамақ бермеді, ұрды деп айып тағып отыр. Бұған сенбеңіздер, мұның бәрі жалған. Балам сауығып кеткен соң, бізге жала жапқан адамдардың үстіне міндетті түрде арыз жазамын. Ал қазір бәрінен баламның денсаулығы маңызды»
Бұл оқиғаның басы 2018 жылда жатыр. Даниил мен оның екі әпкесін Валерий Рихтер есімді азамат асырап алады. Әу-баста көпке бақытты отбасы боп көрінгенімен, былықтың көкесі кейін шыға бастапты. Ағайынды балаларға жарытып ас бермей, бөлмелерінде қамап ұстағанын бұған дейін көршілері де айтқан болатын. Кейін бұл мәселеге қатысты құзырлы органдар тексеріс бастады. Даниил қазір кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Онымен психологтар жұмыс істеуде.