Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Руслан Дәленов: Соңғы 6 айда ішкі өнім төмендеді

Руслан Дәленов: Соңғы 6 айда ішкі өнім төмендеді

Руслан Дәленов: Соңғы 6 айда ішкі өнім төмендеді
ашық дереккөзі
   width=
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жариялады. 2020 жылдың алты айының қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі 2,9%-ке төмендеді, деп хабарлайды Sputnik.kz-ке сілтеме жасаған  NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, қаңтар-шілде аралығында тауарлар өндірісі 2,1 процентке өскен. Ал көрсетілетін қызметтер 6,2 процентке қысқарды. Салдарынан жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім 2,9%-ке төмендеді.
"Жылдық инфляция 7,1 процентті құрады. Бұл болжанған инфляция дәлізінен төмен (8-8,5%)", - деді Дәленов үкіметтің онлайн отырысында.
Оның айтуынша, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында өсім байқалады. Ал импорттың төмендеуі аясында оң сауда балансы сақталып отыр. "Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге байланысты сервистік қызметтер көлемі қысқарды, сондай-ақ мұнай өндіру қарқыны жоспарлы түрде төмендетілді. Бұл экономиканың өсуін тежеуші фактор болды", - деп атап өтті Дәленов. Сөз соңында министр бірқатар маңызды мәселеге баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Ең бастысы, экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды уақытылы және тиімді іске асыру қажет. Ал өңірлік дағдарысқа қарсы штабтар кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін барынша шешуі керек.
"Бұдан бөлек, мониторинг, интервенциялар жүргізіп, шекті бағаларды белгілеу арқылы әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларын қымбаттатуға жол бермеу қажет", - деді Дәленов.
Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев шілде айында жылдық инфляция 7,1 процент болғанын, азық-түлік бағасының жылдық өсімі 11,3 процентке жеткенін хабарлады. "Әсіресе, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар (13,8%), сондай-ақ, жеміс-көкөніс өнімдері (13,4%) бойынша баға өсімінің максималды қарқыны сақталып келеді. Бұл ретте ет және ет өнімдері бағасының өсу қарқыны біршама баяулады (12,9%)", - дейді Досаев. Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсімі 5,4 процент деңгейінде сақталып отыр. Шілде айында ақылы қызметтердің бағасы да 3,0 проценттен 3,2 процентке дейін көтерілді. Ал реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері 0,9 процентке өсті.