Алматы облысындағы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың медбикелері мен санитарлары шу шығарды. Жүйкесі ауыратындар емделетін мекемедегілер жаңа басшы жалақыға жарытпайтын болды дейді.
Карантин кезінде көрпе-жастықтарымызды үйден алып келіп, қонып істеуге мәжбүр болдық дегендер оның өздерін адам құрлы санамайтынын айтады.Ол аздай нәзік жандарға қырындап, мазаларын алатын көрінеді. Бұған қатысты мекеме басшысы не дейді?
Бұл туралы
Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.
«Карантинде көрмеген қорлығымыз жоқ» деп шулаған Есік қаласындағы ақ халаттылар жұмыс орындарының алдына жиналып, шу шығарды. Төсек орындарды үйден тасып, жұмыс істейтін жерде жаттық дегендерге, дұрыс тамақ ішудің өзі арманға айналыпты. Ең сорақысы баспанамызды тастап келгенде басшымыз етекке жабысып ерсі қылық танытуға көшті дейді.
Эльмира АСҚАРОВА - "АМАНАТ" ЕСІК АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ:
"Екі қызға тиісті ашық айтайын. Это насильственное домогание. Лично маған қолы тиген жоқ. Мына қызға тиген. Одан кейін арақтарды ішеді, жүре береді. Түсіргендеріміз бар. Алдынан санитарлар шығады. Елің кім деп сұрайды. Әуелі елі ұнамайды екен біреулердің. Понимаете!".
Осылайша, "Аманат" арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының медбикелері өздерінің уәждерін кімге айтарын білмей дал. Бұған дейін 5 мекемеге арыз жазып, мардымды жауап та ала алмапты. Бұрын бір күн істеп, үш тәулік демалып 100 мың алсақ, енді отыз күн қонып жатып 70 мыңды әзер дегенде береді деп отыр. Тіпті, карантин басталған мерзімде бір айлық еңбекақыны да уәде еткен көрінеді.
Айдар СӘМЕНОВ, "АМАНАТ" ЕСІК АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫ САНИТАРЫ:
"Жігіттер енді қалыңдар деп карантинге бір окладтан обещать етті. Жарайды, қалдық бәріміз. Потом, карантин бітеді, мен сендерге ештеңкеге уәде еткен жоқпын дейді. 18:14 Біздің айлығымыз ай сайын төмендеп бара жатыр. Содан кейін главный бугалтер бар Тимур деген. Тимур біздің айлығымыз неге төмендеп жатыр десек, «Бедный месяц» дейді. Сонда үкіметте бедный месяц, богатый месяц бар ма екен?".
Бұған дейін неше басшы көрсек те, дәл мұндай жағдайға тап болған емеспіз дегендер, қит етсе қуыласың деп қорқытады дейді. Ал, бұл қызмтке келгеніне жарты жылға жуық уақыт болған мекеме басшысы мұның барлығын өзіне жабылған жала деп отыр. Содан бері әлі бірде-біреуін шығарған жоқпын және жалақыларын да кеспедім деп сендірді.
Мақсат БЕКЕТАЕВ, "АМАНАТ" ЕСІК АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
"Мен қызметкерлердің жалақыларын кескен жоқпын. Қазір мен мұның жай-жапсарын анықтау үшін қаржы полициясына да тексеруге арыз жаздым. Ал, қыздарға тиісті деген мәселеге келетін болсақ, бізде карантин режимі. Мен жұмыстың атқарылуын талап еттім. Осыған құлақ аспағандар мүмкін осылай деп шағамдан болуы әбден мүмкін".
Сонымен қатар түсірілген видеоларды, жазылған аудиоларды барлығын құзырлы органдардың тексеруіне жіберіп анықтаймыз дейді. Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқарманың мамандары бұл жағдайдың қатаң бақылауда екендігін жеткізді.
Тіпті, 6 тамыз күні басшысына сөгіс те жариялаған екен. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр дейді. Бұл орталықта отбасы жағдайында қарауға қиын 500-ден астам науқас жатыр. Олардың барлығына арнайы бақылау қажет. Ал, екі жақтың арасындағы даудың қашан шешілетіндігі енді уақыттың еншісінде.