Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Коронавирус: Қиын кезең артта қалды

Коронавирус: Қиын кезең артта қалды

Коронавирус: Қиын кезең артта қалды
ашық дереккөзі
Біздің еліміз коронавирус індетінің таралуы бойынша қиын кезеңді артта қалдырды. Жағымды жаңалықты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жеткізді. Ал бас қалада коронавирус ең ауыр формада өткен науқастарға арнайы ашылған провизорлық орталықта бірде-бір науқас қалмады. Енді бір жарым айдан бері жақындарын көрмеген дәрігерлер екі апталық  карантиннен соң үйлеріне оралады.  Республика бойынша да эпид ахуал тұрақталып келеді.   Десе де, жауапты министрлік жұқпалы  індеттің күзде күтілетін екінші толқынына дайындықты бастапты.  Ведомствоның ресми өкілі аймақтарға жалпы саны 1 млн пациентке жететін дәрі-дәрмек қорын жеткіздік деп сендірді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап  хабарлайды. Нина  ДОСТАНОВСКАЯ, №1 КВИ ТЕРАПИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:   «Было сложно, было страшно. Потому что это совсем другой профиль работы, это совсем другое направление» Нинаның  негізгі мамандығы - гастроэнтеролог. Бірақ, осыған дейін асқазан мен бүйрек емдеген дәрігер, міне бір жарым ай болды, жұқпалы вируспен күрестің  алғы шебінде жүр.  Елде індет тарап, ауруханалар жетіспей жатқанда,  Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 400-ге жуық маманы көмекке келді. Бас қаладағы індет ең ауыр формада өткен  623 пациент осы стационарға жатқызылып емделді.  Араларында өкпесі  90 пайызға дейін қабынған науқастар да болды. Бірақ, ақ халаттылар әр пациентің өмірін сақтап қалу үшін  қолдан келгенше аянбадық дейді. Нина ДОСТАНОВСКАЯ, №1 КВИ ТЕРАПИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:   «Біз бір-бірімізге үнемі көмектесіп отырдық.   Індетті бәріміз жұмыла жеңдік.  Араларымызда вирус жұқтырғандары да болды. Бір жарым айдан бері  жақындарын көрмегендері де бар.  Шүкір, бәрі артта қалды.    Шыны керек, науқастарға медициналық көмек көрсеткеннен гөрі,   моральды түрде қолдау білдірген қиын болды. Өйткені көбісі вирус жұқтырғанына  сенгісі келмеді» Алтын ЖӘКІБЕКОВА, КОВИДТЕН ЕМДЕЛІП ШЫҚҚАН ПАЦИЕНТ:   «Мейірім дегенді айтсаңшы. Анау санитарларынан бастап медбикелер, дәрігерлер біреу шықса, біреуі іріп, «Апа қалайсың? Апа не керек? Не болып жатсың?» деп. Ауырған кісіге мейірім керек қой. «Е,менде керек екенмін ғой» деп деген сезімге не қыласың да сосын ұмтыласың». Алтын Жәкібекова  бұл провизорлық орталығының соңғы пациенті.  2 апта жансақтау бөлімінде жатқан әженің қазіргі жағдайы жақсы.  Апамыздың әуелі Аллаға, екінші ақ халаттыларға алғысы шексіз.    Вирус сынамасының көрсеткен теріс нәтижесі туған күніме жасалған керемет сыйлық болды,  дейді. Ертең Алтын апамыз алпыс беске келеді екен. Алтын ЖӘКІБЕКОВА,  КОВИДТЕН ЕМДЕЛІП ШЫҚҚАН ПАЦИЕНТ:    «Халқым азбыз ғой. Иә өзі аз қазағымыз, өзімізді-өзіміз сақтайық. Айтып отырмын ғой. Білмедім.  Сезбедім. Өзімше анау шалдың давлениясы бар, ол инвалид, оның қанты бар.Менде ондай жоқ. өзімді күшті етіп санап жүрмін ғой. Қазір енді сәл шаршап күшім болмай қалады. бірақ та болады. Үйге барған соң, қазақтың сорпасын ішіп, тірілем ғой, Алла жазса» Бүгін  бас қалада ғана емес, Алматы облысындағы екі провизорлық та жұмысын тоқтатты.  Енді екі аптадан кейін, госпиталь қалыпты жұмысына кіріседі. Жалпы республика бойынша  да жағдай дұрысталуда. Астанада брифинг өткізген жауапты министрліктің ресми өкілі  «қауіптің бәрі артта қалды» деп қуантты. Бағдат  ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды.   Бірақ жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды әрине. Науқастардың арасында 246 адамның жағдайы нашар. Және 69 науқастың  жағдайы өте нашар деп бағаланып отыр. Соңғы тәулікте коронавирусты 741 адам жұқтырды, 21 отандасымыздан айырылып қалдық» Пневмония жұқтырғандардың саны да әзірге азаяр емес. Тамыздың алғашқы он күнінде өкпесі қабынып, ауруханаға түскен пациенттердің қатары 13 мыңға жетті.  164 науқас келмеске кетті.   Дегенмен жауапты министрлік ковидтің екінші толқынына дайындалып жатыр. Жаман айтпай, жақсы жоқ.  Вирусқа күзде жылда болатын тұмау қосылып, жағдай тіпті қиындап кетуі мүмкін дейді. Сондықтан қазір 1 млн-ға жуық пациентке жететін дәрі-дәрмек қоры   әзірленуде екен. Бағдат  ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Дәл осындай ауқымды шаралар алғаш рет қабылданып отыр. Мұндай шаралардың әр азаматқа қандай игілігі бар десеңіздер, сырқаттанып, вирус жұқтырып, деп күдіктенсеңіз, тіркелген поликникаға барып жүгінсеңіз боладжы. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықсалса, бұрынғңыдай аурузана жағалап жүрмей ақ қойыңыздар. Бірақ пғоликлинакаларда қор бар, және сіздерге ақысыз беріледі» Айтпақшы, республика бойынша, провизорлық орталықтарлматы да Алматыда вирус жұқтырған пациенттерге арналған  жаңа госпитальдың құрылысы басталыпты.  Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, стационарда 300 төсек орын болады деп жоспарланған екен.