Ерболат Мұхамеджан жаңа қызметке тағайындалды

Ерболат Мұхамеджан жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарған Ерболат Мұхамеджан "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Ерболат Мұхамеджан өзінің facebook әлеуметтік желісінде жаңа жұмысқа ауысқаны туралы жазба қалдырып, Асхат Аймағамбетов басқаратын министрліктің штаттан тыс кеңесшісі қызметінде қалғанын жазған. Ерболат Мұхамеджан Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика Университетін "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген, балалары бар.

Жүктелуде...