3 мыңға жуық адам ұсталып, 100-ге жуығы жарақат алды. Белурсьтегі сайлаудан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер болып, күш құрылымдары демонстранттарға қарсы күш қолданды. Мемлекеттің қазіргі Президенті Александр Лукашенко мұны сырттан жасалған арандату әрекеті деп отыр. Алдын ала нәтижелер бойынша Лукашенко бұл жолғы сайлауды да сенімді түрде жеңіп келеді.
Бұл туралы
Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сайлау күні өткен соңғы көрініс. Наразы топ. Оларға қарсы күш қолданып жатқан арнайы қызмет өкілдері. Таңертеңгі көрініс басқа еді.
"Александр Григорьевич, мы рады видеть вас!...00-30...Как обычно у вас?".
Беларусь республикасы. Президент сайлауы. Осымен 6-шы мерзімге аяқ басқалы отырған Александр Лукашенко, дауыс беріп, тыстағы журналистермен әңгімелесуде. Ешқандай тәртіпсіздікке, одан қалды ішкі қақтығысқа жол бермейміз деп мәлімдеді.
Александр ЛУКАШЕНКО, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
"Бәрі бақылануда. Ешкімге заңнан аттап басуға мүмкіндік бермейміз. Бұл қазіргі биліктің басты міндеті. Сайлаудағы қандай да бір нәтижеден соң елде қантөгіс болады деуге сенбеуге шақырамын. Тәртіпсіздіктің алдын алу үшін милиция, күш құрылымдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде".
Бұл сайлау Беларусь үшін бұрынғыдан өзгерек. Саяси белсенділік күрт артып, өзін ұсынған үміткерлер қатары көбейді. Қазіргі Президентке лайықты қарсылар болар деген 3 үміткер аталды. Бірі - Белгазпромбанкті басқарған Виктор Бабарико. Бірақ, уақыт өте оған қарсы тергеу басталып, қаржылық қылмыстары үшін тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Өзге үміткер бұрындары Жоғары технологиялар паркін басқарды. Валерий Цепкалоны тіркеуге Орталық сайлау комиссиясы тосқауыл болды. Елдегі танымал блогер Сергей Тихоновский бақ сынамақ болды. Бірақ, оның да құжаттары дәл келмей, шеттетілді. Ақыры оның әйелі құжат тапсырып, өтті.
"Света! Света!"
Сайлау аяқталған соң кей учаскелердегі нәтижелер шыға бастады.
"Александр Лукашенко 686 голосов, Светлана Тихоновская 1 023 голоса".
Светлана ТИХОНОВСКАЯ, БЕЛАРУСЬ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:
"Біз қандай жағдай болмасын, жеңіске жеттік деп санаймын. Біз бойымыздағы үрейді, бейқамдықты, саяси немқұрайлықты жеңдік. Бұл жетістіктен артық ештеңе жоқ деп ойлаймын".
Бірақ экзит-полл, яғни алдын ала болжалды нәтижелер жарияланған соң елден тыныштық қашты.
Лидия ЕРМОШИНА, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ САЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
"Лукашенко Александр Григориевич 80,23 процента. Тихановская Светлана Георгьевна почти 10 процентов, 9,90".
Мыңдаған азаматтар көшеге шығып, наразылық білдіргені сол еді, тәртіп сақшыларының тегеурінді қарсылығына тап болды. Кей дереккөздер бір адамның көз жұмғанын жеткізді. Бірақ ресми расталмады. Елдің Ішкі істер министрлігі мәлім еткендей, ел бойынша, 3 мыңға жуық адам ұсталды. Жарақат алғандар саны 100-ге жақын. Оның ішінде наразы топ өкілдері де, полицейлер де бар. Көптеген азаматтар сайлау учаскелеріне кіре алмай қалдық деп арызданды. Бірақ комиссиядағылар ешкімді бөліп-жармадық, керісінше жұмыс уақытын создық деп отыр.
Лидия ЕРМОШИНА, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
"Негізі заң бойынша сайлау учаскелері кешкі сегізде жабылуы керек еді. Бірақ дауыс беруге келген адамдардың көптігін көріп, Минск басшылығы олардың барлығына мүмкіндік беру керек деп шешті. Өйтпегенде, сол адамдар учаскелердің астаң-кестеңін шығаруға дайын тұр еді".
Сайлаудың нақты нәтижелері осы апта ішінде шығуы тиіс. Бірақ әлемдік тәжірибеде ол сандар әдетте экзит-пол көрсеткіштерінен аса қатты алшақтамайды. Оған сәйкес, 26 жыл билікте отырған Лукашенко президенттік лауазымын сақтап қалмақ. Айтпақшы, Мемлекет басшысы ел ішіндегі тәртіпсіздіктер сыртқы күштердің айдауымен болды деп мәлімдеді.