Бүгін Семейде шу шықты. Бірнеше айдан бері тиісті төлемдерін ала алмай жүрген автобус паркінің жүргізушілері жұмысқа шықпай қалды. Ашынған халықтың алдына келген қала әкімі де басынған парк директорынан жұмысшыларды қорғай алмады. 1 жылға жуық уәде беріп келген SemeyBus мекемесінің басшысы мәселені шешуге тағы 10 күн сұрады.
Бұл туралы
Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.
"Қанша болды аялдамада отырғанымызға. 21, 18 жоқ. Бұл қалай?
Соңғы кезде Семейдегі қоғамдық көлік қозғалысы қиындап барады. Сағаттап автобус күткен тұрғындарда ашулы. Ал бүгін автобус паркінің жүргізушілері жұмысқа шықпай қалды. Жүздеген адам базынасын айтып SemeyBus серіктестігінің алдына жиылды.
Дәулетқазы МҰХАМЕДОВ АВТОБУС ЖҮРГІУШІСІ
"Айлық 4500 боп қалды. Он күн істесем қырық бес мың теңге. Одан подоходныйың ұстайды. Пенсионка ұстайды. Бірақ та салмайды счетқа. Сонда мен еркек басыммен 35 мыңға қалай семьямды асыраймын".
Пандемия басталғалы күніне алатын еңбекақылары 4500 теңгеге дейін төмендеген. Тек бұл ғана емес. Өткен күзден бері зейнетақы аударымдары, басқа төлемдері түспеген. Бірақ, жалақыдан ұсталады. Соның алдарынан парк қызметкерлері тиісті мемлекеттік жеңілдіктерден қағылуда. Автобус паркіндегі айқай шуды естіген Семейдің әкімі де ентігіп жеткенімен, кейбір сұрақтарға былай жауап берді.
"Пенсионка, медстраховка қайда?
Біз оны нетеміз, бүйтеміз".
Нетеміз, бүйтеміз деген қала әкімін пысқырып тұрған автобус паркінің басшылығы жоқ. Көзінше тұрғындарға зіркілдеп тұрды.
"Ол бізде істемейді. Мені оны білмеймін. Бізге он күн беріңіз? Шешеміз.
«Ол әкімдікке шағымданғаны үшін оны шығарып тастады".
Әлеуметтік төлемдерін төлемей жүргенімен қоса, қызметкерлеріне осындай қоқан-лоқы көрсеткен Семейбастың басшыларына әкімде жарытып ештеңе айта алмады.
Ермак СӘЛІМОВ ҚАЛА ӘКІМІ:
"Бір қателік болған шығар. Мен бүгін 5-те келіп қараймын. Бұл бірінші ай емес. Осыған дейін уәде беріп келеді".
Жүргізушілер қоғамдық көлікке енгізілген жаңа жүйенің де қиындықтарын жайып салды. Рөлде отырып, жолаушылардың жолақы төлегені, салонға жағдай бәріне бір адамның жауапты екені жол апатын тудыруы мүмкін дейді олар. Осылайша, бір жылға жуық зейнетақы, басқа да әлеуметтік аударымдарды жасамай келіп, жалақыны қысқартып тастаған автобус паркінің басшылығы әкімнен 10 күн мұрсат сұрады. Ал заңсыз жұмыстан қуылған сотқа шағымданбақ.