Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Асқар Мамин қарантин толық аяқталатын күнді нақты айтты

Асқар Мамин қарантин толық аяқталатын күнді нақты айтты

Асқар Мамин қарантин толық аяқталатын күнді нақты айтты
ашық дереккөзі

Премьер-министр Асқар Мамин еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапырды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

Асқар Мамин Үкімет отырысында: «Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр. Қалғандары қажетті ем алып жатыр», – деді. Премьер-министрдің айтуынша, ауруханалардың жүктемесі 61 және жедел жәрдем шақыру көрсеткіші 62 пайызға дейін төмендеген. «Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптастып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын», – деді Үкімет басшысы.