Ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын алға тартып отыр
Елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2020 коронавирусқа байланысты өткізілмейді.
Бұл туралы
NewsRoom+ Ақпарат тілшісі
Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.
"Бастапқыда қыркүйек айына таман шектеулер жеңілдетіліп, жарыс болады деп ойлаған едік. Бірақ өзге марафон ұйымдастырушылары сынды біз де қатысушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмаймыз. Денсаулық пен қауіпсіздік - біз үшін ең басты орында ", - деп жазылған.
Тіркелген адамдар салымға байланысты электронды хат алады.
Елордадағы марафонға 27 елден бес мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен астана әкімі Алтай Көлгінов болды.
Қайырымдылық жүгіру шарасы 2009 жылдан бері өткізіледі. Осы жылдары қазақстандық қайырымдылыұ ұйымдарға 97 мың доллардан астам қаражат жиналды.