Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түтінге тұншыққандар: Масканы карантинге дейін де киіп келеміз !

Түтінге тұншыққандар: Масканы карантинге дейін де киіп келеміз !

Түтінге тұншыққандар: Масканы карантинге дейін де киіп келеміз !
ашық дереккөзі
 Түтінге тұншыққан тұрғындар! Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің халқы 15 жылдан бері асфальт зауытының будақтаған қара түтіннен арыла алмай келеді. Бетпердені киюді карантинге дейін әдетке айналдырған кент тұрғындары зауыт жұмысын тоқтату керек деген талап айтуда. Өндіріс басшылығы болса бұл жағдайға жергілікті билік кінәлі дегенді айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап  хабарлайды. - Терезені ашып қалсаң смоланың иісі гүмп ете қалады. Сонда сен даладағы аурудан сақтанасың ба? Терезеден ауру шақыратын қара түтін кіріп жатыр. Балалардың киімін жуып қоясың, ана түтін келеді де анаған жабысады. Сонда біздікі не өмір?". Тұрғындардың соңғы 15 жылдан бері көргендері осы. Жаңақорған кентінің бұл ықшам ауданынан халыққа 2005 жылдан бері жер беріле бастапты. Осыннан үй салғандар жылдар өте іргедегі асфальт зауытынан шыққан зиянды заттарға тұншығамыз деп оайламадық дейді. ӨМІРБЕК КАДИРОВ, ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: "Мына артымызда көрініп тұрған асфальт зауыт осы халықтың барлығы нашаршатты, айналайындар. Мұның жұмыс істеп жатқан кезінде мысалы қазір жаздың күні далаға жата алмайсын үй түгілі. Үйде болса да жата алмаймыз, бала-шағамыз ауырып жатыр, майдалар әсіресе". ГҮЛНАР МЕЛДЕН, ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: "Бұл жерде тұрған халық сонда адам емес пе? Бала-шағаның өмірі қымбат емес пе? Бізге балаларымыздың өмірі қымбат! Бұл иістен вообще мүмкін емес!". Бақытжан Сматов осы ықшам ауданға  алғаш көшіп келгендердің бірі. Он бес жылдың ішінде түтінен сау адамнан науқасқа айналғанын айтады. БАҚЫТЖАН СМАТОВ, ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: "Докторға қаралдым, олар бастапқыда аллергия деді. Учетқа қойды, асматик деп. Содан кейін енді неше жыл болды. Дәрі болмаса өліп қалатын шығармыз". Зауыт басшылығы халықтың талабымен келіседі. Шаңды басу үшін сүзгі қойыпты. Бір ай көлемінде көгілдір отынға көшіп, дизель отынынан шығатын қара түтінді жоюға уәде етті. МАҚСҰТ ШОМАНОВ, АСФАЛЬТ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: "Суды тұратын қылып, ванна істеп фильтр қойдық. Сумен фильтр да ол бірақ. Қазір біз шаңды тоқтаттық. Газбен қыздыруға рұқсат алып отырмыз. Сонымен күзге Құдай қаласа разрешениемізді алдық, соны қоямыз ба деп жоспарлап отырмыз". Дегенмен, зауыт басшысы бұл индустриялық аймақтан не үшін үй салуға жер берілгеніне таң. Өйткені бұл жерлерде Кеңес өкіметі кезінен өндіріс орындары орналасқан екен. МАҚСҰТ ШОМАНОВ, АСФАЛЬТ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: "Енді білмеймін ғой акимат бұл жақтан қалай беріп отырғанын. Бірақ, промбазаның қасынан үй салуға болмайды. Өйткені ол 1 километр, 800 метр ол қашықтықта тұру керек". Жерді халыққа берген жергілікті билік өкілдеріне де бардық. Ондағылар да индустриялық аймаққа қалай жер өтіп кеткенін білмей отыр. ЕСДӘУЛЕТ СЕЙІЛОВ, ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНІҢ ӘКІМІ: "Сол кездегі билік басындағы кісілер дұрыс шешім қабылдамаған шығар. Ол расында да ғой, промбаза кейіннен салынса дұрыс, промбаза 80-ші жылдары салынып қойған. Кейіннен жерді бермеу керек еді соларадан. Менің түсінігімде солай. Жерді бермеу керек еді, басқа жерлер де жететін еді ғой Жаңақорғанда". Осылайша зауыт басшылығы жақын арада "экологиялық таза өндіріс орнына айналамыз" деген уәж айтса, әкім қаралар индустриялық аймақтан түрғындарға қалай жер берілгенін білмей дал. Келешекте зауыт бұл жерден көшірілілетін көрінеді. Ал, түтінге тұншығып, денсаулықтарыт дімкәс болған жұртқа уәденің орындалуын  күтуден басқа амал жоқ.