Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

10 тамыз күнгі ауа райы болжамы

10 тамыз күнгі ауа райы болжамы

10 тамыз күнгі ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК-сы 10 тамыз күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі хабарлайды Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 23 метр, бұршақ жаууы да мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысында күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Республиканың кей жерлерінде желдің екпіні 25 метр болады, шаңды дауыл тұрады. Ақтобе облысының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз желдің екпіні 23 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерлеріне тұман түседі. Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ақтобе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.