Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ливандағы ереуілден 700 адам зардап шегіп, бір полицей қаза болды

Ливандағы ереуілден 700 адам зардап шегіп, бір полицей қаза болды

Ливандағы ереуілден 700 адам зардап шегіп, бір полицей қаза болды
ашық дереккөзі
 width= Ливандағы үкіметке қарсы ереуіл өршіп барады деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Бейрутте ашуға булыққан жұрт тәртіп сақшыларымен қақтығысып, 700-ден астам азамат жарақат алған. Бұған дейін 490 адамның зардап шеккені анықталған еді. олардың арасында 70 құқық қорғау қызметкерлері бар. Бір полицей қаза тапты. Үкіметке наразы халық Экономика және энергетика министрлігі ғимараты мен Сыртқы істер министрлігінің штаб-пәтерін басып алған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қазір қала көшелеріндегі ереуіл біршама саябырсыған. Еске сала кетсек, жұрттың жаппай ереуілге шығуына Бейруттегі 4 тамызда орын алған жойқын жарылыс себеп болды. Тұрғындар биліктің портта болған апатқа қатысты әрекетсіздігіне наразылық білдірді. Енді олар Үкіметтің отставкаға кетіп, жаңа реформалардың қабылдануын талап етіп жатыр.