Еліміздің әскери дәрігерлері Ливанға көмек көрсетуге аттанды

Еліміздің әскери дәрігерлері Ливанға көмек көрсетуге аттанды

ашық дереккөзі

 width=

Кеше ҚР Президенті – ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. 7 тамызда ҚР Президенті – ҚР ҚК Бас қолбасышысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан құралған 29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты. 8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты.  width= 4 тамызда Ливан Әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-тан кем емес адам қаза болғаны белгілі. Бес мыңға жуық адам жарақат алды, алайда ауруханалар толы болғандықтан зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмайды. Қазақстан Республикасындағы Covid-19-бен байланысты жағдайды ескере отырып, топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады. Топ құрамына жоғары білікті хирургтар, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медицина көмек көрсету. width=      

Жүктелуде...