Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстер тоқтады

Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстер тоқтады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан мен Түркия арасында жолаушылар авиарейсі уақытша тоқтатылды. Түркия Республикасының Қазақстандағы ресми Елшілігі таратқан ақпарға сәйкес, Түркия коронавируспен пандемиясымен күрес аясында бауырлас Қазақстанның қабылдаған шараларын жоғары бағалайды және басынан бастап Қазақстанның пандемиямен күрес жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсетіп келеді. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Елшілігіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Түркия коронавирус індетіне байланысты көптеген елдермен жолаушылар тасымалын уақытша тоқтатқан еді. Дегенмен, Қазақстан Түркияның халықаралық әуе қатынасын қайта бастаған санаулы елдердің бірі болды. Бұл жолы мәселеге қатысты жасалған бағалау аясында, Түркия 2020 жылдың 5 тамызында бірқатар елдермен, соның ішінде Қазақстанмен халықаралық әуе компаниялардың жолаушылар рейстерін орындауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компанияларды қамтиды. Екі ел арасындағы әуе рейстерін жандандыруды пандемия ағымын және елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тиісті органдар алдағы кезде қарастырады, деп хабарлайды Түркияның Қазақстандағы Елшілігі. Атап өтерлігі, осыған дейін Түркиядан Қазақстанға екі рет ресми деңгейде ауқымды медициналық материалдар мен дәрілік заттар түрінде көмек жеткізілді.

Жүктелуде...