Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Финляндиялықтар не үшін жемқорлықпен күреспейді?

Финляндиялықтар не үшін жемқорлықпен күреспейді?

Финляндиялықтар не үшін  жемқорлықпен күреспейді?
ашық дереккөзі
 width= Скандинавия түбегіндегі Фин елі туралы білу керек бес дерек бар. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
  1. Финдердің сән-салтанатқа деген аса қатты құлшыныстары жоқ. Олардың пайымдауынша, сән-салтанат дегенераттарға арналған орта ғасырлық шығыс ойын-сауығы. Бір қызығы, олар үшін алтыннан жасалған дәретхананы да тек дегеренаттар пайдаланады екен.
Дегеренат сөзінің қазақша баламасы - бүлінген немесе азғын, ұятсыз адам деген мағынаны береді. Ал біз сән-салтанатты өте қатты жақсы көреміз. Тіпті, жүздеген адам өмірмен арпалысып, аспан атты келмес сапарға аттанып жатқанда, аспанға от шашу шаштық. Сауық-сайран десе жанымызды беретініміздің көрінісі осы. 2. Финдер өз отбасының жағдайын басқалардың қаражатына жақсартып алуды халқына деген жеккөрушілік ретінде санайды екен. Ондай адамдарды ол жақта "оңбаған" дейді. Бізде айына кем дегенде бес шенеунік "мемлекет қаражатын жымқырды" деген айыппен тұтқындалады. Коронавирус - ел қазынасының сенімсіз қолда тұрғанын көрсетті. 3. Финдер бюджеттік (халықтық) қаражатты "оңды,солды шашатындарды" өз балалары мен немерелерін жек көреді деп пайымдайды. Өйткені, бала көргенін жасайды. Ұрпағын да осы лас істерге араластырып жатыр. Онда Біздің елде  өз балаларын жек көретіндердің саны жетерлік. Баланы тәрбиелеп керек емес, көргенін жасайды деген рас. 4. Финдер ұрылар әрқашан қорқақ болады дейді. Олар үнемі қорқып өмір сүреді, еркіндік жоқ. Мұндай адамдар халық арасында жүруге лайық емес. Біздегі ұрылардың шетел асып кетуі тым оңай. Тіпті, абақтыда отырғандарына да күмәнмен қарайсың. 5. Финдер баланың болашағына қатты назар аударады. Бала өз білімі арқылы табыстарға жете алмаса, болашағы қиын болады деп болжайды. Олар күштеп жұмысқа орналастыру немесе оқыту деген әдеттерден аулақ. Біздің елде көп жастар аға, жәке, мәкелердің көмегіне жүгінгенді жақсы көреді. Оларға болашақты көкелер жасайды. Жемқорлық түбімен жоғалсын десек, алдымен оны өз отбасымыздан бастайық. Кішкентай мәселелердің шешімін ешкімнің көмегінсіз-ақ шешіп үйренсек, қиын әрі шешімі жоқ мәселелерді де ақшасыз шешетін дәрежеге жетеміз. Жемқорлар түбінде жазаланар, бірақ басқа бір жемқордың пайда болмауына біз себепкерміз.