Түркістан: Палатаның Өңірлік кеңесінің мүшелігіне дауыс беру басталды

Түркістан: Палатаның Өңірлік кеңесінің мүшелігіне дауыс беру басталды

ашық дереккөзі

 width= 5 тамызда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлаудың қорытынды кезеңі – үміткерлерге дауыс беру басталды. Кандидаттарға дауысты онлайн форматта vote.atameken.kz сайты арқылы 11 тамызға дейін беруге болады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Дауыс беруге облыс аумағында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар қатыса алады. Үміткер үшін дауысты sms немесе электронды цифрлық қолтаңба арқылы беруге болады. SMS арқылы дауыс беру үшін ұйымның БСН, ЖСН нөмірлерін, дауыс берушінің телефон нөмірі көрсетіледі. Содан соң нөмірге келген sms кодты енгізу қажет. ЭЦҚ арқылы дауыс беру үшін ұйымның кілтін таңдау жеткілікті. Дауыс беру смартфон арқылы да қол жетімді. Дауыс беру процесі небәрі екі минуттай уақыт алады.

«Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестегі 35 орынға өңіріміздің 47 кәсіпкері сайлауға түсуде. Бұл Ұлттық палатаның талаптарына сәйкес келген және қажетті құжаттардың толық топтамасын өткізген кандидаттар. Салалық құрылымдар бойынша жасалған талдау бойынша үміткерлердің көп бөлігі ауыл шаруашылығы, сауда мен қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлер.  Қазір әр бизнес өкілінің дауысы маңызды, сондықтан өңір кәсіпкерлерін белсенді дауыс беруге шақырамыз»,-деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.
Сайлаудың қорытындысы 31 тамызда белігілі болады. Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.            

Жүктелуде...