Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» қандай режим мен қандай қарқында қызмет етіп жатқанын осы медициналық мекеменің директоры Ғани Бодықов айтты. Бүгінгі таңда кардиохирургтер коронавирус пандемиясына байланысты өз пациенттерін сәтті емдеуден бұрын, өздерінің де қауіпсіздіктеріне де көп көңіл бөлулері керек. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сол себепті күн сайын барлық қызметкерлерге термометрия жүргізіледі, олар жұмыста барлық қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген: бірреттік маскалармен (оларды пайдаланғаннан кейін әрбір үш сағат сайын ауыстыру), қорғаныш костюмдері, бірреттік халаттарды және экрандарды, дезинфекциялық құралдары бар санитайзерлерді барлық қабаттар мен жұмыс кабинеттерінде қолдану.
Пандемия жағдайында Орталық аумағында коронавирус науқастарын емдеу үшін 25 провизорлық және 5 инфекциялық төсек-орын жайылған. Провизорлық бөлім қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайы жасалған, мотивация жүйесі ойластырылған, барлығына тұру үшін қонақүй номерлері, трансфер, 3 реттік тамақ берілген. Орталықта қызметкерлер үшін көшеден кіретін шлюздары бар, киім ауыстыратын аймағы, жуынатын орны мен қолданылған жеке қорғаныс құралдарын жоятын аймағы бар жеке кіретін орын бар. Таза (жасыл) аймақта ординаторлар, дем алатын және тамақтанатын орындар бар.
Барлық әйелдер (Орталықта жалпы екі аптада 40-тан астам болған) қабынуға қарсы, антибактериалды, антикоагулянтты, сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігімен ұсынылған клиникалық хаттамаға сәйкес, оксигенотерпия қабылдайды. Пневмонияны емдеу үшін қажетті 1,5-2 айға жететін толық көлемді препараттар бар.
Қарбалас жұмысқа қарамастан, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға себепкер болатын персоналды оқыту жұмыстары да қосымша жүрігізіледі. Қазіргі уақытта провизорлық бөлімнің 4 дәрігері Оқу-әдістемелік орталықтың базасында «Жүктілік, босану және коронавирус инфекциясы» тақырыбында онлайн оқудан өтіп жатыр. Сонымен бірге, Орталықта КВИ диагностикалау және емдеу, дәрігерлер, медицина мейірбикелері және кіші медициналық персонал үшін ЖҚҚ кигізу және шешу бойынша семинар-тренингтер жүйелі түрде өткізіліп тұрады.